Заң мен тәртіп жолындағы бес жыл: Қаржылық мониторинг агенттігінің өңірлік форумы өтті
Бүгін «Қаржылық мониторинг агенттігі: заң мен тәртіп жолындағы 5 жыл» атты өңірлік форум өтті. Аталған шара Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің бес жылдық қызметін қорытындылауға, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл саласында атқарылған жұмыстарды саралауға арналды.


Форумға Абай облысының әкімі Берік Уәли қатысып, агенттіктің өңірдегі қызметінің қалыптасу кезеңіне тоқталып, сала қызметкерлерін мерекемен құттықтады.
2022 жылғы Президентіміздің тарихи әділетті шешімі нәтижесінде және Абай облысының құрылуына байланысты Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық бөлімшесі ретінде Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп -тексеру департаменті құрылды.Экономикалық тергеп -тексеру департаментінің құрылуы мемлекеттің заңдылықты нығайту, қаржылық үдерістердің ашықтығын қамтамасыз ету және азаматтардың экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі бағытының заңды жалғасы болды. Жас болғанына қарамастан, Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп -тексеру департаментінің алғашқы жылдарынан-ақ өңірлік органның тиімді, ашық және қоғамдық сұранысқа бағдарланған бола алатынын көрсетті,-деді аймақ басшысы.

Форум барысында Қаржылық мониторинг агенттігінің экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі институт ретінде қалыптасу жолы кеңінен талқыланды. Соңғы бес жыл ішінде агенттік заманауи аналитикалық құралдарды енгізіп, тиімді превентивті тетіктерді іске асыру арқылы көлеңкелі экономикамен күресте нақты нәтижелерге қол жеткізді. Бұл жұмыстар мемлекет қаржылық қауіпсіздігін нығайтуға және қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Аталған іс-шара өткен кезеңді саралаумен қатар, алдағы даму бағыттарын айқындауға, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге және «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жолында мемлекет пен қоғам күштерін біріктіруге арналған маңызды алаңға айналды. Қатысушылар құқық бұзушылықтардың алдын алу, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтық қоғаммен серіктестікті дамыту мәселелеріне баса назар аударды.








Форум аясында Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Бөлегенов Ержан Ерғалиұлы сала қызметкерлерін, ардагерлерді және мінсіз қызметімен ерекшеленген қызметкерлерді мерекелік төсбелгілермен, алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар олардың ата-аналарына да алғыс хаттар табысталып, адал еңбек пен кәсіби жауапкершілікке жоғары баға берілді.

Сондай-ақ агенттіктің серіктестеріне құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастармен жұмыс жүргізу және экономикалық қауіпсіздікті нығайту бағытында көрсеткен тұрақты қолдауы үшін алғыс білдірілді. Атап айтқанда, Шәкәрім университетінің ректоры Орынбеков Думанға, Алихан Бөкейхан университетінің ректоры Александр Койчубаевқа, Семей медицина университетінің проректоры Дария Шабдарбаеваға, Invictus Semey спорт клубына, «СОЦ KZ» қоғамдық бірлестігіне және профилактикалық бастамаларды іске асырудағы негізгі серіктес, жастар бағдарламалары мен волонтёрлік қозғалысты үйлестіруде маңызды рөл атқарып отырған Абай облысының Жастар ресурстық орталығына ризашылық білдірілді.





Іс-шара соңы мазмұнды музыкалық бағдарламамен жалғасты. Форум агенттіктің бес жылдық қызметінің маңызын айқындап қана қоймай, алдағы уақытта заңдылық пен тәртіпті нығайту жолындағы бірлескен жұмыстарға жаңа серпін берді.
#Абай облысы, #Абай облысының әкімі, #Құқықтық тәртіп, #Заң мен тәртіп