Жолдау 47 қаралымabaidan.kz

Еуразияның негізгі көлік хабы ретіндегі орнын нығайту үшін Қазақстанның алдында бірқатар маңызды міндет тұр — Президент

Еуразияның негізгі көлік хабы ретіндегі орнын нығайту үшін Қазақстанның алдында бірқатар маңызды міндет тұр — Президент

Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды мәлімдеді. 

— Қазір Қазақстанда бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүргізіліп жатыр. Мұндай нысандарды бір мезетте салу тәжірибесі ел тарихында бұрын-соңды болмаған. Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмысы аяқталды, таяуда Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайлары іске қосылады. Келесі жылы осы саладағы әлемдік ірі компаниялардың бірін тарта отырып, Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастаймыз, — деді ол.

Сонымен бірге, Президент Еуразияның негізгі көлік хабы ретіндегі орнын нығайту үшін Қазақстанның алдында бірқатар маңызды міндет бар екенін атап өтті.

— Ең алдымен, халықаралық бағыттарды қоса алғанда, көлік саласын толық цифрландыру қажет. Жасанды интеллект дәуірінде жаһандық транзит ағындарын қағаз жүк құжаттары арқылы басқару — ақылға қонымсыз. Бұл — тығырыққа тірейтін жол, — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Президент үлкен құрылыс қозғалысына «Халықтық құрылыс» деген атау беруді ұсынғанын жазғанбыз.



https://kaz.inform.kz/news/euraziyanin-negzg-kolk-habi-retndeg-ornin-nigaytu-ushn-kazakstannin-aldinda-brka-9d05683f