Жолдау 66 қаралымabaidan.kz

Қазақстан Еуразияның жетекші логистикалық орталығына айналуы тиіс

Қазақстан Еуразияның жетекші логистикалық орталығына айналуы тиіс

 Еліміз халықаралық жүк ағындарын толыққанды ұйымдастырушы рөліне көшуі қажет. Бұл туралы Құрылтай отырысында "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

- Әлемдік логистика ауқымды трансформация мен жедел даму кезеңіне қадам басты. Теңіз жолдарының осал тұстары құрлықтағы көлік дәліздерінің стратегиялық маңызын арттырды. Қазақстан осы тарихи мүмкіндікті пайдаланып, Еуразияның жетекші логистикалық орталығына айналуы тиіс. Қазірдің өзінде Қытайдан Еуропа құрлығына бағытталған жүк тасымалының шамамен 85 пайызы еліміздің аумағы арқылы өтеді, - деді Президент.

Алайда Мемлекет басшысының пайымынша, қазіргі қолайлы жағдайға қанағаттану болашақта бәсекелестерден кейін қалуға әкелуі мүмкін.

- Қазірден бастап халықаралық жүк ағындарын толыққанды ұйымдастырушы рөліне көшу қажет. Отандық логистикалық операторларды дамытуға, жүктерді шоғырландыру және тарату орталықтарын құруға ерекше басымдық берілуге тиіс. Сондай-ақ көлік тораптарының айналасында жаңа өндіріс орындары мен сауда алаңдарын қалыптастыру маңызды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Мемлекет басшысы ел өміріндегі тарихи өзгерістердің барлығы халықтың көз алдында болып жатқанын айтқан еді.



https://kaz.inform.kz/news/kazakstan-euraziyanin-zheteksh-logistikalik-ortaligina-aynalui-tis-83c3e1a4