Жолдау 74 қаралымabaidan.kz

Президент электр энергиясы саласына қатысты тапсырма берді

Президент электр энергиясы саласына қатысты тапсырма берді

 Жаңартылатын энергия көздеріне баса назар аударуымыз қажет. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. 

Президенттің айтуынша, Қазақстан 123 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын өндіреді.

Индустриясы, құрылыс саласы және агроөнеркәсіп кешені дамып келе жатқан, әрі ең бастысы — экономикасын толық цифрландыруды, қоғамдық өмірдің барлық саласына жасанды интеллектті енгізуді және соған байланысты деректер орталықтарын салуды жоспарлап отырған ел үшін электр энергиясын өндірудің мұндай көлемі апатты түрде жеткіліксіз. 

Сондықтан еліміздің алдымызда стратегиялық сипаттағы міндет тұр: 2029 жылға қарай энергия өндіруде тұрақты профицитке қол жеткізу.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне қарағанда, осы мақсатта жаңа электр станциялары мен электр беру желілерін салып, қолданыстағыларын жаңғыртуымыз керек, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздеріне, әсіресе күн электр станцияларына баса назар аударуымыз қажет.

Жалпы алғанда, Үкімет 2035 жылға дейінгі кезеңге арналған елдің бірыңғай ұзақ мерзімді энергетикалық теңгерімін жаңартуға екпін қояды.



https://kaz.inform.kz/news/prezident-elektr-energiyasi-salasina-katisti-tapsirma-berd-a37944d9