Иран сақшылары корпусының басшысы мен Қорғаныс кеңесінің хатшысы қаза тапты — IRNA

Иран сақшылары корпусының басшысы мен Қорғаныс кеңесінің хатшысы қаза тапты — IRNA

Иранның IRNA ақпарат агенттігі қаза болған Али Хаменени кеңесшісі — Иран Қорғаныс кеңесінің хатшысы Әли Шамхани мен Ислам революциясы сақшылары корпусының командующийы Мохаммад Пакпурдың қаза тапқанын ресми түрде растады,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.

— Адмирал Әли Шамхани, Қорғаныс кеңесінің хатшысы, сондай-ақ Ислам революциясы сақшылары корпусының (КСИР) бас қолбасшысы, генерал-майор Мохаммад Пакпур сенбі күні АҚШ пен Израильдің Тегеранға жасаған шабуылы салдарынан қаза тапты, — деп жазды IRNA агенттігі. 

Бұған дейін 28 ақпанда Израиль мен АҚШ-тың бірлескен әуе шабуылдары кезінде олардың қаза болғанын Израиль Қорғаныс армиясы және АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеген. Дональд Трамп ABC News агенттігіне берген сұхбатында операция барысында Иранның жетекшілерінің «көзі жойылғанын» айтқан.

— Әскери қақтығыс басталғанға дейін Иран жетекшілерінің әрқайсысына олар қаза болған жағдайда алмастыратын тұлғалар дайындалған. Хаменени өлген жағдайда кім оның міндетін алмастыратынын қауіпсіздік себептерімен жарияланбаған, — деп жазды BBC.


#Иран, #новости мира