Тарихта алғаш рет Нью-Йорктің жаңа мэрі Құранға қолын қойып, ант берді

Тарихта алғаш рет Нью-Йорктің жаңа мэрі Құранға қолын қойып, ант берді

Зохран Мамдани Құранға қолын қойып, ант бергеннен кейін ресми түрде Нью-Йорк қаласының мэрі атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ  сілтеме жасап, abaidan.kz ақпараттық агенттігі. 

Басылымның мәліметінше, ант беру рәсімі кезінде Зохран Мамдани ислам әлемінің қасиетті кітабы Құранға қолын қойып, Нью-Йорктің алғашқы мэрі атанды.

"Құранның бір көшірмесі Мамданидің атасына, ал екіншісі бір кездері жазушы және тарихшы Артуро Шомбургке тиесілі болған. Оны мэрге Нью-Йорк қоғамдық кітапханасы ұсынған", - деп жазады басылым тілшісі.

Көпшілік алдындағы келесі рәсімде ол атасының Құраны мен әжесінің Құранын пайдаланады.

Еске сала кетейік, демократиялық партияның өкілі, 34 жастағы Зохран Мамдани Нью-Йорк мэрі болып сайланған алғашқы мұсылман екенін жазғанбыз.

Айта кетейік, Мамдани 1991 жылғы 18 қазанда Угандада, Үндістаннан шыққан отбасында дүниеге келген. 2018 жылы АҚШ азаматтығын алған.

Бұдан кейін Мамданидің саяси мансабы қарыштап дамыды. Ол 2020 жылы Нью-Йорк штаты ассамблеясының депутаты болып сайланды.

2024 жылғы қазанда Мамдани Нью-Йорк қаласы мэрінің сайлауына түсуге ниеті барын мәлімдеді. Алайда көпшілік оның Демократиялық партиядан кандидат болуы мүмкін екеніне күмәнмен қараған еді.


#мир, #депутат