Агроөнеркәсіп саласында алдағы жылдарға арналған жоспарлар

Агроөнеркәсіп саласында алдағы жылдарға арналған жоспарлар

«Агроөнеркәсіптік кешеннің 2023 жылғы қорытынды көрсеткіштері және 2024 жылға арналған негізгі бағыттары туралы»БАҚ өкілдеріне арналған брифингте «Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы Нұрлан Шақабаев баяндады,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

-Бүгінде ауыл шаруашылығы саласының басты бағыты облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023-2027 жылдарға жоспарын жүзеге асыруға негізделді.Сондай-ақ, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарына енгізілген барлық көрсеткіштер жүзеге асырылды. Былтырғы шаруашылық өнім көлемі 67,01 млрд. теңгені құраса, биыл 5,8 млрд теңгеге артқан. – деді бөлім басшысы.

Негізгі капиталға азық-түлік өнімдерін қосқанда барлығы 5593,3 млн теңге инвестиция салынған.- Ауыл шаруашылығы барлық түрлері бойынша саны өсті. Көрсеткіштерді атап айтсақ, 33,5 мың тонна ет, 38,8 мың тонна сүт , 4,8 млн. дана жұмыртқа өндірілген. Сонымен қатар, дәнді дақылдарды егу ауқымы өткен жылмен салыстырғанда 4,1%-ға артты. Нәтижесінде көкөніс, бақша және мал азықтық дақылдар түрлерінен жоғары өнім өндіріліп, көлемі 125 799,6 тоннаны құраған,- деді Нұрлан Шақабаев.

Өңірімізде «Агробизнес», «Іскер» бағдарламалары бойынша «АНК» АҚ қаржылық институттары арқылы 535,0 млн.теңге жеңілдетілген несие беріліп, ауыл шаруашылығы малдарын және техникалар сатып алуға мүмкіндік жасалған. Агроөнрекәсіп кешенді саласына 2022-2025 жылдарға арналған инвестициялық жоспардағы жобалар іске асырылуда.

-Аталған жобалардың басты мақсаты, майлы, дәнді және мал азықтық дақылдар өндіру, жылына 600 тонна дайын өнім шығаратын ет және балық консервілерін шығаратын зауыттың құрылысын бастау, инвестициялық орталықтар ашу, қуаттылығы ауысымына 35 тонна ет және ет өнімдерін өңдейтін ет комбинатының құрылысы, тауарлық жұмыртқа өндірісін арттыру және 200 басқа арналған сүт-тауарлы фермасын қайта жабдықтауды жүзеге асыру,- деп түйіндеді спикер.


#Абайская область, #Сельское хозяйство