Ақсуатта «Агробизнес» бағдарламасы арқылы 17 жобаға құжаттар өткізілген

Ақсуатта «Агробизнес» бағдарламасы арқылы 17 жобаға құжаттар өткізілген

Ауданның шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының, ауыл шаруашылығының жұмыс көрсеткіштері де едәуір өскен. Бөлшек сауда тауар айналымы көлемінің өзі 7,7 млрд. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 113 пайызды құрауда.

- Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 2110 бірлікті құрады. Оның ішінде; шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 105, дара кәсіпкерлер – 694, шаруа немесе фермер қожалықтары – 1311 бірлік. Биылғы жылдың 10-айында жергілікті бюджетке 4 млрд. 502,1 млн теңге салық төленіп, былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 2,2 есе артық орындалды, -  деп  баяндады Ақсуат ауданы әкімінің міндетін атқарушы.

«Агробизнес» бағдарламасы арқылы 17 жобаға 638,1 млн теңге несие құжаттары өткізіліп, 7 жобаға 195,1 млн тг несие берілген. Аудандағы ауыл шаруашылығы бағытындағы несие қаражатын алу өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 105,0 пайызды көрсетіп отыр.

- Ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің  жалпы көлемі 23 млрд 38,5 млн. теңгеге жетіп, өсу қарқыны 108 пайыз болды. Аудандағы ірі қара 130 мың басқа, қой мен ешкі – 201,5 мың басқа, жылқы – 27,1 мың басқа жетіп, тиісінше ірі қара – 41 пайызға, қой-ешкі – 13,6 пайызға көбейді, жылқы – 4,2 пайызға көбейді. Алайда бұдан бөлек жоспарлар бар. Яғни, мал басын өсіріп қана қоймай, нарықтың сұранысына сәйкес, асылдандыру жұмысына да ерекше ден қойып отырмыз. Алдағы уақытта аудан шаруашылықтары асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мемлекеттен 1 млрд. 800 млн. теңге көлемінде субсидия алуды да жоспарлап отыр, -  деп атап өтті Ерсін Ескендіров.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы техникаларыда жаңартылып, «Лизинг» бағдарламасы арқылы  475,3 млн. теңгеге 41 бірлік трактор және 38 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларының қосалқы жабдықтары сатып алынған.


#Абайская область, #Ақсуатский район