ҚР АШМ: субсидиялау жүйесі арқылы 67 мыңнан астам өтінім мақұлданды

ҚР АШМ: субсидиялау жүйесі арқылы 67 мыңнан астам өтінім мақұлданды

Субсидиялау мемлекеттік ақпараттық жүйесі 2023 жылдың басынан бастап іске қосылды. Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау аясында фермерлерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсету бойынша 14 бағытта тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов хабарлады. Оның айтуынша, барлық қызметтер мемлекеттік ақпараттық жүйеде көрсетіледі, қызмет алушылар ретінде 90 мыңнан астам пайдаланушы тіркеліп, 350-ден астам қаржы институтына қолжетімді болды. 

«Пайдаланушылар санының өсуіне мемлекеттік ақпараттық жүйеге енгізілген «Күту парағы» механизмі де себеп болды. Портал 24/7 қолжетімді әрі тегін. Сондай-ақ бұл ақпараттық жүйенің төңірегіндегі коррупциялық тәуекелдер азайтылды: өтінімдерді ретімен ғана қарау жүргізіледі. Өтінімдер тізілімін және күту парағын тіркеусіз көруге мүмкіндік берілді; көктемгі егін егу мен күзгі орақ жұмыстарына арзандатылған дизель отынын алу үшін өтінім беру процесі автоматтандырылды», - деді спикер. 

Ол ұсынған статистикалық ақпаратқа сәйкес, субсидиялау жүйесі арқылы 123 мыңнан астам өтінім беріліп, 67 мыңнан астамы мақұлданды, жалпы биыл субсидияға бөлінген қаражат 254 млрд теңгені құрайды, жыл соңына дейін өтінімдер қабылданып, қарастырылады


#Сельское хозяйство