Мәжіліс: Шаруалар өнімдерін қолайлы бағада өткізе алмай отыр

Мәжіліс: Шаруалар өнімдерін қолайлы бағада өткізе алмай отыр

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Абай облысында халықпен кездесулер өткізгенде шаруалырдың өнімдерін қолайлы бағада өткізе алмай отырғандығы туралы сауал жолдады. "Үржар ауданының шаруа қожалықтары күнбағыстың нарықтағы құны тоннасына 130 мың теңгеден төмен болғандықтан өнімдерін қолайлы бағаға өткізе алмай отыр. Күнбағыс дақылын экспортқа шығарғанда 1 тоннасына 20 пайыз экспорттық баж салығын төлеу керек. Ол 100 евродан яғни, 50 мың теңгеден төмен болмауы керек. Бұл төлемдер күнбағыс құнына кері әсерін тигізіп отыр. Сонымен қатар бидай бағасының да құнының төмен болуы шаруа қожалықтарының жағдайын қиындатуда. Қазірде ауданда 1 тонна бидайдың құны 75 теңгені құрайды. Өзіндік құнын ақтай алмай отыр."-деді депутат.  


#Сельское хозяйство