Облыста пестицидтерді  сақтайтын 12 қойма орналасқан

Облыста пестицидтерді сақтайтын 12 қойма орналасқан

Абай облысы бойынша дезинфекция, дезинсекция және дератизациялау нәтижесінде пестицидтермен улану оқиғалары тіркелмеген.  Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Абай облысының санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің өнеркәсіптік, радиациялық қауіпті объектілерді бақылау және қадағалау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Құралай Тащанова баяндады,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі. 

- Елімізде ауыл шаруашылығының дамуы пестицидтерді қолданудың артуы және қоршаған ортаға кері әсерін тигізу ықтималдығын тудырғандықтан профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Олар дақылдарды зиянды жәндік, арамшөп, саңырауқұлақтардан және кеміргіштерден қорғау үшін қолданылатын улы химиялық заттар болып табылады. Халыққа және қоршаған ортаға кері әсерін тигізудің алдын алу мақсатында,  ҚР ДСМ-72 санитарлық ережеге сәйкес пестицидтермен жұмыс істеу кезінде оларды жабық қоймаларда сақтауды талап етеді, - деп атап өтті спикер.

Бүгінде облысы бойынша пестицидтерді  сақтайтын 12 қойма орналасқан, олардың үшеуінің санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар.

- «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы»  бұйрығына сәйкес сақтауға арналған қоймалар мәні жоғары объектілерге жатады. Осыған байланысты нысанға санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алу қажет. Сондай-ақ, Пестицидтерді сақтайтын қоймалар залалсыздандыру құралдарымен, жеке қорғаныш құралдарымен және медициналық дәрі қобдишасымен камтамасыз етілуі қажет. Жұқпалы аурулардың даму және таралуының алдын алу үшін дезинфекция, дезинсекция және дератизация шараларын жүргізудеміз, - деді Құралай Тащанова.

Спикердің айтуынша,  уланудың жалпы белгілеріне тері мен көздің тітіркенуі, жөтелу, тыныс алудың қиындауы, тұншығу, жүрек айнуы, құсу, диарея, бас айналу, әлсіздік, алаңдаушылық, ашуланшақтық, бас ауруы жатады. Сонымен қатар, пестицидтерді сақтауға арналған үй-жайларда табиғи және механикалық ішке сору-сыртқа тарту желдеткіші көзделеді. Оларды тек арнайы салынған типтік немесе соған бейімделген үй-жайларда, қоймаларда сақтауға рұқсат. Сақтау үшін жер үйлерді, жерқоймаларды, жертөлелерді және жанғыш заттарқоймасын пайдалануға жол берілмейтіндігін ескертеді.


#Сельское хозяйство