Семейде Ақсуат ауданы шаруалардың жәрмеңкесі өтті

Семейде Ақсуат ауданы шаруалардың жәрмеңкесі өтті

Семейдегі «Северный» сауда-логистикалық орталығында апта сайын ұйымдастырылатын ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде  Ақсуат ауданының шаруалары өз өнімдерін саудалады,-деп хабарлайды  abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметне сілтеме жасап.
Ақсуат ауданы ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Серік Ахметов жәрмеңкеге 9 ауылдық округ шаруалары қатысып отырғанын және өнімдерін еш делдалсыз саудалағанын жеткізді.

«Шаруаларымыз облыс тұрғындары үшін 1,4 тонна сиыр еті, 100 келі қой, 250 келі жылқы етін әкеліп отыр. Ауданымыз ауыл шаруашылығына маманданған өңір болғасын табиғи таза 50 литр сүт, 20 келі құрт, 50 келі сары май, 120 келі түшпара және фарш өнімдерін де сөреге қойдық. Бағалары да қолжетімді», - дейді бөлім басшысы.

Жәрмеңкені аралаған облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов бұл шаралардың барлығы азық-түлік бағасын ұстап тұру мақсатында атқарылып жатқанын атап өтті. Ақсуаттықтар жәрмеңкеге өнерпаздарын да ала келіпті. Аудандық Мәдениет үйінің әншілері шағын сахна төрінде әннен шашу шашып, семейліктердің көңілін көтеріп тастады. Тіпті далада бауырсақ пісіріп, ыстық шаймен бірге таратылды.


#Абайская область, #Сельское хозяйство, #Ақсуатский район, #ярмарка