Шегірткеге қарсы күрес: Абай облысында алдын ала өңдеу және мониторинг жұмыстары жүргізілуде
Облыстың ауылды аймақтарында уақытылы өңдеу шегірткелердің шабуылымен тиімді күресуге және олардың таралуын болдырмауға мүмкіндік береді. Дегенмен, болашақ егінді сақтау үшін жағдай үнемі бақылауда болады. Бұл туралы облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев айтты, деп хабарлайды abaidan.kz . Шегірткеге қарсы күрес облыстың 8 ауданында жүргізілуде. Оныңжалпы есептік ауданы 77,4 мың га құрайды.
«Бүгінгі күнге 1 аса жеңіл авиация және 13 жер үсті желдеткіш бүріккіштер жұмылдырылған. Үйірлі шегірткелерге қарсы күрес бойынша іс-шаралар 8 ауданда (Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар және Жаңасемей аудандары) жүргізілуде. Қазіргі таңда 19,13 мың га жер (Азиялық шегіртке – 6,03 мың га, итальяндық прус – 13,1 мың га) өңделді», - деп атап өтті басқарма басшысы.
Ағымдағы жылы шегірткелерге қарсы іс-шараларға жергілікті бюджеттен қажетті қаражат бөлінді. Мердігер ұйым – «SATTI TULEK» ЖШС.
«Саяқ шегірткетектестерге таралу аумақтары бойынша 5 ауданда өңдеу басталып, 2 мың га өңделді. 12 маусымда Аягөз қаласының Қарауыл ауылының (Ақшатау ауылдық округі) автотрассасының 5-45 шақырымында, Ақсуат ауданының Қызылкесік ауылдық округінің аумағында шегірткенің таралуы байқалды», -деп қорытындылады Ертай Қуанбаев.
Дегенмен, 4 бүріккіш техникалар уақтылы жіберіліп, өңдеу жүргізілді. Қазіргі уақытта ешқандай қауіп жоқ. Жалпы жағдай бақылауда, шегірткелердің таралуы күтілмейді.
#Абайская область, #Сельское хозяйство