Аягөз ауданында білім беруді дамыту
Аягөз ауданында білім беру инфрақұрылымы мен білім беру сапасын жақсарту жұмыстары жалғасуда. Биыл көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға білімнің қолжетімділігін арттыруға бағытталған жобалар іске асырылмақ. Аудан бойынша 38 мектеп бар, оның 33-і орта, 3-і бастауыш және 1 жеке меншік мектеп. Мектепке дейінгі білім беру саласында 2-6 жас аралығындағы балаларды қамту деңгейі 98%-ды құрайды.
Сонымен қатар, ұлттық жоба аясында Ақтоғай кентінде 300 орындық мектеп салу жоспарлануда.
- "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Аягөз қаласының "Қуаныш" шағын ауданында 600 оқушыға арналған мектеп салу маңызды жоба болып табылады. Қазіргі уақытта сыртқы инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 260,3 млн теңге бөлінген, ал құрылыс жұмыстарын "Іргетас-Құрылыс-ІІ" компаниясы жүзеге асыруда, - деді Аягөз ауданының әкімі Қанат Әділбай.
#Абайская область, #образование, #Аягоз