Аягөз ауданында денсаулық сақтау нысандары жаңғыртылып жатыр

Аягөз ауданында денсаулық сақтау нысандары жаңғыртылып жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Аягөз ауданында денсаулық сақтау саласы жүйелі түрде дамып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Айбек Нұғымаров баяндады. 

Ауданның көпсалалы орталық ауруханасы 63 684 тұрғынға медициналық көмек көрсетеді. Оның ішінде қала халқы – 41 075, ауыл тұрғындары – 22 609 адам.

– Өңірде медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға және инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Өткен жылы аудан бойынша 7 медициналық нысан пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Ақшәулі, Байқошқар, Малтүгел, Емелтау ауылдарында медициналық пункттер, сондай-ақ Ақши, Мыңбұлақ, Сарыарқа елді мекендерінде дәрігерлік амбулаториялар салынды. Сонымен қатар, Аягөз ауданының көпсалалы орталық ауруханасы базасында 10 төсектік жансақтау бөлімі ашылды, - деп атап өтті Айбек Нұғымаров.

Аудан әкімінің айтуынша, ағымдағы жылы орталық аурухана аумағында МРТ құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Қопа және Тарлаулы ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 


#Здравоохранение, #Аягоз