Мақаншы ауданы қанша ауылдық округтен тұрады

Мақаншы ауданы қанша ауылдық округтен тұрады

Мақаншы ауданының әкімшілік орталығы болып Мақаншы ауылы белгіленді. Аудан құрамына 11 ауылдық округ (Ақшоқы, Келдімұрат, Бақты, Мақаншы, Көктал, Қаратал, Қарабұлақ, Қарабұта, Көктерек, Қабанбай, Қаратұма) және 18 елді мекен кіреді,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Мақаншы ауданының халық саны 26,6 мың адамды құрайды, аумақтың жалпы ауданы – 800 мың га. Аудан арқылы жалпы ұзындығы 277 км республикалық маңызы бар «Өскемен-Алматы», «Бақты-Таскескен» автожолы өтеді. Бұдан бөлек, өте маңызды «Бақты-Аягөз» теміржол желісі өтетін болады.

Ауданда экономиканың негізгі бағыттары: тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өндірісі және туризм саласын дамыту үшін әлеуеті жоғар.

Бүгінде ауданда Жаланашкөл ауылында «Фирма Мадина» ЖШС (көмір өндіру) өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Олар 2022 жылы 758,8 млн.теңге сомасына немесе жалпы өндіріс көлемінің 31,8% өнім өндірді.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын ынталандыру және оның халқының өмір сүру сапасын арттыру мақсатында аудан халқының көші-қонын төмендету, жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шаралар белгіленді.


#Абайская область, #Маканчи