Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Аймақ басшысы жеке қабылдау аясында 15-тен астам адамды қабылдады. Онда абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, көшелерді жарықтандыру, тұрғын үй, жер қатынастары мәселелері көтерілді. Сондай-ақ тұрғындар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелеріне қатысты сұрақтарын қойды.
Қабылдауға Семей қаласының тиісті бөлімдерімен қатар басқарма басшылары қатысты. Қабылдау барысында көтерілген барлық мәселелерді жоспарға сәйкес пысықтауға тапсырма берілді. Облыс әкімі қала әкімдігінің басшылығымен бірге проблемалық учаскелерді аралайды.Айта кетсек, Азаматтарды қабылдау орталығы мемлекеттік органдар мен тұрғындардың өзара іс-қимылының орталықтандырылған алаңы ретінде жұмыс істейді. Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
#Абайская область, #Аким области Абай