Бородулиха ауданында

Бородулиха ауданында "Ауыл - ел бесігі" жобасы іске асуда

"Ауыл - ел бесігі" жобасының шеңберінде Бородулиха ауданының Дмитриевка ауылында көше шамын орнату жұмыстары аяқталды,-деп хабарллайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.  Ауыл орталығындағы 6 көше мен 4 тұйық көшеге 140 шам орнатылды. 1100-ден астам адам тұратын ауылдың кешкілік уақытта жарықтануы мен қауіпсіздігі үшін жасалған жұмыстар ауыл тұрғындарының игілігі үшін жасалды. Тәуелсіздік күнімен тұспа тұс келген игі іс Дмитриевка ауылының тұрғындарын бір қуанышқа бөледі.


#Абайская область, #Ауыл-ел бесігі