Абай облысында 10 балабақшада құзыреттілік орталықтары ашылмақ

Абай облысында 10 балабақшада құзыреттілік орталықтары ашылмақ

Абай облысында 361 мектепке дейінгі ұйым (бұдан әрі –МДҰ) жұмыс істейді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Абай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Құрманова баяндады.

- Абай облысындағы мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы ерекше назарға алынып отыр. Облыста 361 мектепке дейінгі ұйым бар, олардың 91-і мемлекеттік. Оларда 2487 педагог жұмыс істейді, олардың көпшілігі жоғары білімді. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстары жүйелі түрде өткізіліп, 2024 жылы 565 маман оқудан өтсе, 2025 жылы тағы 300 педагогке біліктілікті арттыру курстары жоспарланған,- деп атап өтті бөлім басшысы.

 

* 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап облыстағы Құзыреттілік орталықтарының саны артып, мектепке дейінгі білім берудің сапасын арттыру мақсатында 5 МДҰ ұйымдар қосылды. 2025 жылдың басынан бастап тағы 10 балабақшада құзыреттілік орталықтары ашылады.

 

- Құзыреттілік орталықтарының негізгі міндеттері – педагогтердің кәсіби деңгейін көтеру, ата-аналармен жұмыс істеу, балалардың психологиялық дамуына ықпал ету. Абай облысында ата-аналарға арналған 271 консультациялық пункт жұмыс істейді, бұл балалардың дамуына қатысты мәселелер бойынша кеңестер береді, - деді Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының мектепке дейінгі, мектепалды даярлық, бастауыш білім беру бөлімінің басшысы Айжан Жұмабекқызы.

 

Сондай-ақ «Thrive by Five» мобильді қосымшасы енгізіліп, ата-аналарға балаларын тәрбиелеу мен дамыту бойынша көмек көрсетіледі. Осылайша, Абай облысындағы мектепке дейінгі ұйымдар балалардың сапалы тәрбиесіне және дамуына үлкен көңіл бөлуде.


#Абайская область, #Знание, #сад