Абай облысында оқушылар үшін 5 бейіндік лагерь ашылды

Абай облысында оқушылар үшін 5 бейіндік лагерь ашылды

Оқушылар үшін ашылған лагерьлер облыс колледждерінде орналасқан. Мұнда балалар теориялық және практикалық дағдыларды меңгереді6 - деп хабарлайды abaidan.kz.

Абай облысының бес колледжінде орналасқан лагерьлер жоспарға сай жүргізілуде. Атап айтқанда, Бесқарағай колледжінің базасында «ЭКОorman» , Радиотехника және байланыс колледжінде "SmartkriS", Геологиялық барлау колледжінде "Жас геолог", Электротехникалық колледжде «ІТ-лагерь»  және «Profi Camp» Бизнес және сервис колледжінде бейіндік лагері ұйымдастырылды.

Кәсіптік бағдар беру лагері кәсіби дағдыларды қалыптастыруға және оларды әртүрлі салалардағы болашақ маман ретінде бағыттауға дайындайды. Лагерь бағдарламалары нақты құзыреттерді дамытып қана қоймай, сонымен қатар балаларға практикалық білім мен тәжірибе алуға да көмектеседі. Семейде орналасқан бейіндік лагерьлер бойынша баспасөз туры өтті. Бірінші нүкте - Бизнес және сервис колледжінде орналасқан «Profi Camp» лагері. Бұл жерде қазір лагерьдің екінші маусымы өткізілуде.

Абай облысы білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі басшысы Вилена Жакупбаева биыл өңір колледждерінің базасында бейінді лагерьлер алғаш рет ашылғанын атап өтті.

- Колледждердің әрқайсысы балалардың мүдделеріне сәйкес бағдарламалар ұсынады. Мысалы, Геологиялық барлау колледжінде "Жас геолог" лагері жұмыс істесе, Бизнес және сервис колледжінде «Profi Camp» лагері 8 жастан бастап балаларды қабылдаған. Жалпы, лагерьлер үш маусымда жұмыс істейді. Бүгінгі күні Бизнес колледжінде және Электротехникалық колледжде алғашқы маусымын 60 бала аяқтады. Сонымен қатар алдағы уақытта "Жас геолог" лагерінде оқитын оқушылар Республикалық байқауға қатысады, - деп атап өтті Вилена Жакупбаева.

Колледждерде тамақтану ұйымдастырылған (ақылы негізде), балалар сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін айналысады. Геологиялық барлау колледжінде тамақ тегін беріледі.

IТ-орталықтың меңгерушісі, Электротехникалық колледж директорының IT-технологиялар жөніндегі орынбасары Никита Лобанов мекеменің бейіндік лагерінде балалар робототехника мен дрондарды басқару негіздерін үйреніп жатқанын жеткізді.

— Қазіргі уақытта бізде 8 жастан 14 жасқа дейінгі 10 бала қатысуда. Оқушылар робототехниканы оқиды. Роботты салудан бастап оны бағдарламалауға дейінгі барлық кезеңдерден өтеді. Сондай – ақ бағдарламада дрондармен жұмыс бар. Яғни, құрастыру, бағдарламалау және басқару. Біз практикалық сабақтарды арнайы белгіленген жерлерде, тордың артында, толық қауіпсіздікте өткіземіз, - деді Никита Лобанов.

"Жас геолог" лагерінің жетекшісі Олжас Айжаксин бағдарламаға теориялық та, практикалық сабақтар да кіретінін айтты.

- Біз тәжірибені “Қарауыл шоқысы” оқу полигонында өткіземіз. Балалар үшін барлық жағдай жасалған. Олар студенттермен бірге жұмыс істейді. Полигонда дағдыларды жаттықтыру арқылы бірнеше пәнді оқытамыз. Биыл 19-28 шілде аралығында Щучинск қаласында өтетін "Жас геолог" жетінші халықаралық олимпиадасы жоспарлануда. Біздің балалар сол жерде өнер көрсетеді, - деді Олжас Айжаксин.

Ерте кәсіптік бағдарлаудың арқасында балалар өздерінің өмір жолын алдын-ала таңдай алады және қазірден бастап болашақ жұмыстарына пайдалы болатын дағдыларды қалыптастырады.


#Абайская область, #дети