Абай облысының еңбек пәні мұғалімі «Гиннестің рекордтар кітабына» енді

Абай облысының еңбек пәні мұғалімі «Гиннестің рекордтар кітабына» енді

Семей қаласындағы №19 мектептің еңбек пәні мұғалімі құрақ көрпе тігіп, рекордтар кітабына енді,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап,  .Бақытжан Шапенова ұзындығы 500 метрлік құрақ көрпе тігу конкурсына қатыстқан. Ол 7 қарашада  өткен "Асыл Мұра" облыстық І қолөнершілер сайыс-фестиваліне қатысып,  жүлделі 3-орын алды. Сайысқа «Ұлы Сезім» жұмысын ұсынды. Бұл жұмыста ертеден келе жатқан кестелеу техникасымен екі жастың бейнесін кестелеп, жан-жағына құрақ техникасымен блоктар тігу арқылы  картинаның мағынасын терең жеткізуге тырысқан. Құдық құрағын қосу арқылы шынайы сезімнің құдықтай терең, таза екенін көрсеткісі келген өнер иесінің еңбегі бағаланды.

«Өнерге бала кезден жақынмын. Тігін тігіп, ұршық иіріп, тоқыма тоқуды шебер әжемнен үйрендім. Қолым бос болғанда қолөнер бұйымдарын жасап жүрдім. Ұлттық кәдесый бұйымдарын жасаумен айналысамын. Одан басқа кесте техникасымен картина кестелеймін, ұлттық киімдегі қуыршақтар жасаймын», - дейді қолөнер иесі.

Жазда республика бойынша өткен Аламан құрақ жобасына қатысып, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 200 құрақшымен бірге 500 метрлік көрпе тікті. 200 адамның аты мен жұмысы Қазақстандық рекордтар кітабына енді.

Айта кетейік, Астана қаласында өткен көшпенділер фестивальдарына,  ЮНЕСКО бойынша өткен көрмелерге, қаламызда Невзоровтар музейі ұйымдастырған аймақтық қолөнершілер фестиваль көрмелеріне қатысып, мұражай  шығарған аймақтық шеберлер жөніндегі анықтамалық кітабына енгізілді.


#Абайская область, #учитель