Абай облысының оқушылары 150-ге жуық ағаш отырғызды
Абай облысының оқушылары "Таза Қазақстан" акциясына өз үлестерін қосуда,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шара аясында 11-сынып оқушылары қоршаған ортаны қорғау мақсатында ағаш отырғызды.
Акция оқушыларға экологиялық мәдениетті, табиғатқа ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруға үйретуге баулиды. Семей қаласының 11-сынып оқушылары 2 түп көпжылдық ағаш отырғызса, басқа білім беру ұйым оқушылары көшеттер отырғызып, гүлдер екті. Сондай-ақ бұл шараға еліміздің түлектерін қатысуға шақырады.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына 1000-ға жуық мектеп түлектері, студенттер мен ата-аналар да қатысты. Акция аясында 150-ге жуық көшет отырғызылды.
#Абайская область, #Знание, #Ученик, #субботник