Абай облысының оқушылары ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиаданың жүлдегері атанды

Абай облысының оқушылары ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиаданың жүлдегері атанды

Астанада жаратылыстану-математика бағытындағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Қорытынды кезеңге барлығы 1088 оқушы қатысты. Олимпиадада барлығы 170 медаль сарапқа салынды. Оның ішінде: 87 қола, 51 күміс және 32 алтын. Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған бірінші республикалық олимпиадада облыстан барған 18 оқушының 11-і жеңімпаз атанды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Олимпиада нәтижесі бойынша Абай облысының қоржынында 1 алтын, 1 күміс,  9 қола медаль. Жарма ауданының 4 оқушысы, Үржар ауданының 4 оқушысы, Бородулиха ауданының 2 оқушысы, Ақсуат ауданының 1 оқушысы медаль жеңіп алды. Үржар ауданының оқушысына қатысқаны үшін грамота берілді. Ал Бородулиха ауданындағы  Жерновка орта мектебінің 11-сынып оқушысы Петр Фольмер International University-не грант ұтып алды.

Айта кетейік, қорытынды кезеңнің барлық қатысушылары «Дарын» республикалық сырттай мектебіне қабылданады. Ал, бірінші дәрежелі диплом иегерлері 2024 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысады.Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты 2024 жылдың 22-28 қаңтары аралығында Астана қаласында өтеді. Оған Абай облысынан 18 оқушы қатысады.


#Абайская область, #Знание, #Школа Дарын