Абай өңірінде барлық білім мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Абай өңірінде барлық білім мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Қазіргі уақытта Абай облысындағы білім беру ұйымдарын су басу қаупі жоқ. Облыстың барлық аудан, қала мектептерінде оқушылар штаттық режимде оқып жатыр,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі.  Оқу-тәрбие жұмысы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес ұйымдастырылады.

Облыстағы Бородулиха ауданы Переменовка орта мектебінде оқу барысы штаттық режимде өтіп жатыр. 2 сәуірден бастап, оқушылар мектепке оралды. Білім мекемесіне апаратын бірнеше көшеден еріген қар суы толығымен шығарылды.

Анықтама: Абай облысында 302 білім беру ұйымы бар, онда барлығы 100 102 оқушы білім алады.


#Абайская область, #Знание