Аралық қорытынды: 40 мыңнан астам талапкер негізгі ҰБТ тапсырды

Аралық қорытынды: 40 мыңнан астам талапкер негізгі ҰБТ тапсырды

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 40 мыңнан астам адам тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 70%–ы қазақ тілінде, 30%-ы орыс тілінде, 50 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Аралық қорытынды: 40 мыңнан астам талапкер негізгі ҰБТ тапсырды

Бұл мәліметтерді бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҰБТ басталғалы шекті балды 76%-ға жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 68-ді құрады. Ең жоғары балл – 137.

«Негізгі ҰБТ-ның бірінші аптасы аяқталды. Тестілеу 5 шілдеге дейін өтеді. Естеріңізге сала кетсем, тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 305 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда тестіленушілердің басым бөлігі, атап айтқанда, 20%-ы «Математика-Физика» пәндер комбинациясын тапсырды. 14%-ы «Биология-Химия» комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалатын комбинация – «Химия-Физика», оны 50 адам тапсырған», - деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 108 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.


#ЕНТ