Ауа райына байланысты мектептерде сабақ онлайн тәртіпке көшірілді

Ауа райына байланысты мектептерде сабақ онлайн тәртіпке көшірілді

 Абай облысында 2025 жылғы 7 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты І ,ІІ ауысымдағы оқушылар үшін сабақ онлайн тәртіпке ауыстырылды. 
Аягөз ауданының 12 мектебінің 1-9 сынып; Ақсуат ауданының 13 мектебінің 1-4 сынып; Бородулиха ауданының 1 мектебінің 1-4 сынып;Семей қаласының барлық мектебінің 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқиды.


#Прогноз погоды, #Знание, #школа