Аймақ басшысы қаладағы ІТ және жаңа технологиялар жоғары колледжінің жұмысымен танысты
Аймақ басшысы өткен жылы жаңғыртылған қаладағы ІТ және жаңа технологиялар жоғары колледжінің жұмысымен де танысты,- деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінде мұнда 750-ден астам студент заман талабына сай мамандықтар бойынша білім алуда. Облыс әкіміне студенттердің ғылыми жұмыстары, жетістіктері мен ІТ жобалар таныстырылды.
«Мен бұл колледждің жұмысынан хабардармын. Студенттері халықаралық олимпиадаларда жүлдегер болып жүр. Өткен жылы облыс бюджетінен қаржы бөлініп, колледж толық жаңғыртылды. ІТ жобалардың әлеуеті зор. Жасанды интеллектті дамыту маңызды. Бұған Мемлекет басшысы да, Үкімет те ерекше назар аударып отыр. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек», — деді Берік Уәли.
#Абайская область, #Знание, #Аким области Абай, #Берик Уали