Биылдан бастап елімізде Ұстаздар күні бесінші қазанда атап өтілетін болды

Биылдан бастап елімізде Ұстаздар күні бесінші қазанда атап өтілетін болды

Қазақстан алғаш рет педагогтердің кәсіби мерекесі 5-қазан күнге бекітілді, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап.

"Биыл алғаш рет Ұстаздар күнін атап өту – 5 қазанға бекітілді. Еске салайық, ҚР Үкіметі тиісті қаулыys қабылдады. Бұл күн Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілген. Мереке ең асыл, жауапты әрі маңызды мамандық өкілдерін біріктіреді", – делінген ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 25 қыркүйек күні таратқан хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, бұл күні елордада педагогтердің республикалық съезі өтеді. Оған еліміздің барлық аймақтарынан 700-ге жуық ұстаз қатысады. Кездесу алаңында педагогтер ең озық және халықаралық тәжірибелерімен бөлісе алады."Бүгінде Қазақстанның білім беру саласында 500 мыңға жуық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогі жұмыс істейді".ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, мемлекет басшысының қолдауымен 2019 жылы маңызды мәселелердің бірі – педагог мамандығына ерекше мәртебе беру туралы шешім қабылданды."Төрт жыл ішінде педагогтердің жалақысы екі есеге өсті. 220 мыңға жуық мұғалімге тағайындалған санаттарына қарай 50 пайызға дейін үстемеақы төленуде. Өндірістен қабылданған техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері жалақысына 35 пайызға дейін қосымша ақы алады. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап 97 мың мұғалімнің жалақысы тағы 30 пайызға өсті", – делінген хабарламада.

2023 жылғы 10 наурызда Қазақстанда Ұстаздар күнін тойлау күні өзгертілгені белгілі болды. Мемлекеттік мерекелер тізбесіне сәйкес, республикада Ұстаздар күні қазан айының бірінші жексенбісінде аталып өтіліп келген. Үкімет қаулысымен бұл дата 5 қазандағы әлемнің 100-ден астам елінде атап өтілетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен синхрондалған.


#учитель, #образование