Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Образование 725 просмотровabaidan.kz

Новые шаги в сфере образования – на августовской конференции в Абайском районе

Білім саласындағы жаңа қадамдар – Абай облысындағы Тамыз конференциясында

Новые шаги в сфере образования – на августовской конференции в Абайском районе

Абай облысында өткен дәстүрлі Тамыз конференциясында өңір ұстаздарының жетістіктері мен жаңа оқу жылындағы басты бағыттар талқыланды. Жиынға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан қатысып, білім беру саласындағы жаңа қадамдарға тоқталды.

«Жаңа жобалар көктемнен бастап кезең-кезеңімен енгізілуде. Білім беру жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында алғашқы республикалық қоғамдық өзін-өзі реттейтін ұйым құрылды. Бұл ұйымға жеке меншік балабақшалар мен білім беру ұйымдары белсенді қатысуы қажет», – деді вице-министр.

Новые шаги в сфере образования – на августовской конференции в Абайском районе

Оның айтуынша, соңғы жылдары бірқатар жүйелі реформалар жүзеге асты. Мұғалімдердің жалақысы екі есеге өсті, мыңдаған мектеп жаңғыртылып, апатты және үш ауысымды мектептердің саны азайды. Сондай-ақ, инклюзивті білім беру сапасы 90%-ға жақсарды.

Новые шаги в сфере образования – на августовской конференции в Абайском районе

Конференцияда ауылдық жерлердегі білім беру инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылды. Бесқарағай ауданында жаңа мектеп ашылып, оның директоры Назымгүл Қалижанова: 

«Бұл ғимарат тек білім ошағы ғана емес, балаларға шабыт сыйлайтын орта. Балалардың көзіндегі қуанышты көру – біз үшін ең үлкен жетістік», – деп атап өтті.

Новые шаги в сфере образования – на августовской конференции в Абайском районе
Новые шаги в сфере образования – на августовской конференции в Абайском районе

Дарынды оқушылардың табыстары да айтылды. Өткен оқу жылында қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 1000-нан астам медаль жеңіп алды. Бұл – қазақстандық білім сапасының айқын дәлелі.

Новые шаги в сфере образования – на августовской конференции в Абайском районе

Абай облысының әкімі Берік Уәли ұстаздарға алғысын білдіріп: «Ұстаздық қызмет – жай ғана кәсіп емес, ол жас ұрпақты тәрбиелеп, ел болашағын қалыптастырудағы жауапты әрі абыройлы міндет», – деді.

Новые шаги в сфере образования – на августовской конференции в Абайском районе

Жиын барысында бірқатар педагогтар мен сала қызметкерлері еңбегі үшін марапатталды. Атап айтқанда, Гүлназ Бақытжанқызы Байболатова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, Үміткүл Лияскызы Әлібек, Парзана Салыққызы Мұстафина, Ұлымзара Кабденқызы Хамзина сияқты ұстаздар «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісіне ие болды. Бірқатар ұстаздар Абай облысы әкімінің Құрмет грамотасына лайық деп танылды.

Новые шаги в сфере образования – на августовской конференции в Абайском районе
Новые шаги в сфере образования – на августовской конференции в Абайском районе
Новые шаги в сфере образования – на августовской конференции в Абайском районе
Новые шаги в сфере образования – на августовской конференции в Абайском районе
Новые шаги в сфере образования – на августовской конференции в Абайском районе
Новые шаги в сфере образования – на августовской конференции в Абайском районе

Сондай-ақ «Үздік ұйым» конкурсының жеңімпаздары анықталды.  Ол бойынша «Білім-инновация» лицейі – 30 млн теңге, Би Боранбай атындағы мектеп (Ақсуат ауданы) – 20 млн теңге, Аягөз қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп – 18 млн теңге иеленді.

Новые шаги в сфере образования – на августовской конференции в Абайском районе

Конференция соңында «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы таныстырылып, ол отбасыдан бастап спорт пен бос уақытты қамтитын жеті стратегиялық бағытты жүзеге асыратыны атап өтілді. 

Новые шаги в сфере образования – на августовской конференции в Абайском районе

Жаңа оқу жылы өңір ұстаздары үшін тың бастамалар мен жаңаша мүмкіндіктерге жол ашпақ