Еліміздің бірнеше өңірінде оқушылар мен студенттер онлайн оқиды
Бүгін еліміздің бірқатар аймағында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды.
Көкшетау қаласында бірінші ауысымдағы 1–11 сынып оқушылары онлайн сабаққа көшті.
Павлодар облысында да 1-11(12) сынып оқушылары мен колледждің 1–2 курс студенттері қашықтан оқиды.
Семей қаласының мектептерінде де бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар онлайн форматқа ауыстырылады.
Бұған дейін Астана қаласындағы бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары мен студенттері онлайн оқитыны туралы жаздық.
kaz.inform.kz
#Семей, #Абайская область, #Прогноз погоды, #школа