Көктемгі каникулда оқушылар неше күн демалады?
Көктемгі демалыста мектеп оқушылары 11 күн демалады, - деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі. Өйткені оқушылар үшін көктемгі демалыс 21-31 наурыз аралығында өтеді. III тоқсан мектеп бағдарламасындағы ең ұзақ тоқсан. Ол 10 оқу аптасына созылады.
Ал IV тоқсан 8 оқу аптасына созылады. Ол 1 сәуірде басталып, 25 мамырға дейін жалғасады.