Қос зияткер республикалық олимпиададан жүлделі оралды​

Қос зияткер республикалық олимпиададан жүлделі оралды​

World Robot Olympiad (WRO) — бұл халықаралықробототехникадан өтетін жарыс, ол жыл сайын мектепоқушылары арасында ұйымдастырылады. Бұл шара әлемніңтүрлі елдерінен жасөспірімдерді бір аренада жинап, олардың робототехника және инженерлік шығармашылық саласындағы дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді.

Семей қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің команда құрамасы робототехникадан Алматы қаласында өткен WRO-2024 республикалық сайыста жүзден жүйрік шығып, жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл туралы Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап abaidan.kz хабарлайды.

11 сынып оқушылары Ильяс Махатов пен Амир Берекенов («Avangard» командасы) RoboSports санатыбойынша жүлделі екінші орын иеленді.​


Дәстүрлі олимпиаданың әр жылы белгілі бір тақырыпқа арналады. Биыл  «Жер-Ана қамқоршылары» тақырыбындаөткен ұлттық олимпиадада екі күн бойы роботехниканың 4 түрінен 300-ден астам оқушы сынға түскен.

Сондай-ақ, аталмыш сайысқа қатысқан білім ордамыздан қатысқан жас робототехниктеріміз үздіктер рейтингісінен көрінді. Атап айтқанда, RoboMissionSenior санаты бойынша «SGMZ» командасы – ЖантолыМұратқалиев, Исмаил Мұхамедьяр, Future Engineersсанатында «Retired Engineers» командасы – ӘлемжанАхметжанов, Дәулет Серікғали үздік атанды.


#Знание, #образование, #олимпиада