«Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасын тапты.

«Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасын тапты.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясына қолдау көрсетті,-деп хабарлайды abaidan.kz Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Гарнизондық офицерлер үйінде өткен қайырымдылық шарада «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерилері қолбасшысының орынбасары полковник Дархан Ажибаев сөз алып, оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

​- Біздің болашағымыздың кепілі – білімді ұрпақ. Балалардың жастайынан білімді, алғыр болуы үшін ата-анасы мен ұстазының тәлімінен бөлек, материалдық жағдайының да жақсы болғаны маңызды. Жыл сайынғы дәстүр бойынша «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы да биылғы оқу жылында бұл шараға өзіндік үлес қосты, - деді полковник Дархан Ажибаев.

​Қайырымдылық акциясы аясында 1 сынып табалдырығын аттағалы тұрған балалар өздерінің өлеңдерін оқып, алғыстарын жеткізді. Айта кетейік, биыл Абай гарнизоны бойынша көп балалы отбасылардан шыққан 417 бастауыш сынып оқушысына көмек көрсетілді. 


#Знание, #школа, #Региональное командование "Восток"