Mektepmenu. Енді ата-аналар балалары мектепте қалай тамақтанатынын бақылай алады
Енді ата-аналар Mektepmenu цифрлық қызметі арқылы сабақта жүрген балаларының тамақтануын бақылай алады,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Түркітілдес журналистер қоына сілтеме жасап. Жаңа технологиялардың дамуымен және барлық процестің цифрландырылуына байланысты еліміздегі мектептердің тамақтану жүйесіне де өзгерістер керегі анық. Бүгінде ата-аналар көбіне балаларының мектепте не жейтінін, мәзірде не барын білмейді және өнімнің сапасымен қаражаттың жұмсалуы туралы ақпаратты ала алмайды. Кері байланыс алып, бақылау мүмкін емес. Осы мәселені реттеу мақсатында Kundelik білім беру платформасы жаңа MektepMenu қызметін іске қосты.Ата-аналар балалары мектепте не жейтінін қадағалап, қалған қажетті ақпаратты көре алады.
Енді сіз MektepMenu қызметін Halyk банктің мобильді қосымшасы арқылы пайдалана аласыз. Kundelik платформасымен интеграцияның арқасында қызметке кіру қосымша авторизациясыз жүзеге асырылады, ал бұл бүкіл процесті айтарлықтай жеңілдетеді.
"Біз Halyk қосымшасымен барлық клиенттерімізге пайдалы қызметтерді ұсынуға ұмтыла отырып, оның қызметтерін кеңейтіп отырамыз. MektepMenu қызметімен интеграция - бұл бағыттағы тағы бірқадам. Біз жаңасервис клиенттік тәжірибені жақсартуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз және ата-аналарға балаларының мектепте сапалы және дұрыс тамақтанатынына сенімділік береді", - деді Halyk басқарма төрағасының орынбасарыНариман Мұқышев.
MektepMenu қызметі ата-аналарға мектеп асханасымен буфет мәзіріне, соның ішінде тағамдардың құрамына,порция мөлшеріне және бағасына толық қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қызмет сізге тамақтану сапасын жақсарту бойынша пікірлер мен ұсыныстар қалдыруға, сондай-ақ баланың мектеп асханасына барғаны туралы хабарлама алуға мүмкіндік береді. Баласында аллергиясы бар ата-аналар үшін аллергиялық реакцияларды тудыратын өнімдерді көрсету функциясы да бар. Бұдан басқа, балалары тегін тамақ алатын ата-аналар (1-4 сынып оқушылары және халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балалар) баласының тамақтанғаны және мектеп асханасына барғаны туралы хабарлама алады.
Еліміздің оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, қазіргі уақытта1,7 млн оқушы тегіныстық тамақ ала алады. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 162 млрдтеңге бөлінді.
Kundelik платформасының мәліметінше, мектеп оқушыларының 2-3%-ы науқастану немесе басқа да себептермен күн сайын сабақтан қалады, бірақ бұл тамақтану жүйесінде әрдайым көрінбейді екен.
Егер бір балаға тегін ыстық тамақтың орташа құны жалпы бюджеттен есептелетінін ескерсек, әлеуетті үнемдеу жыл сайын 3,24 млрдтеңгеден 4,86 млрдтеңгеге дейін жетуі мүмкін.
Осылайша, MektepMenu мектептегі тамақтануды ұйымдастыру процесін автоматтандырады, оның ашықтығын айтарлықтай арттырып, ыңғайлы және тиімді бақылау құралын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар,бюджеттің артық шығындалу қаупін азайтады.
Естеріңізге сала кетейік, өткенжылдың күзінде Halykоқушылар арасында сауаттылықты арттыруға бағытталған Kundelik-пен серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Осылайша, өткен жылдан бастап оқуға деген ынтаны арттыру үшін HalykKundelik-пен бірлесіп оқушылардың үлгерімін ынталандыратын түрлі бастамаларды іске асыруда.
2024-2025 оқу жылының қыркүйегіненбастап "Үздік бағаларүшін бонустар"бағдарламасы одан да қызықты ынталандырулармен басталды.Енді 5-11сынып оқушыларында 10 бал лүшін 100 бонустан басқа, Halyk-тан 100мың бонустың ай сайынғы ұтыс ойынына қатысу мүмкіндігібар.