Мұғалімдерді қудалауды тоқтату қажет

Мұғалімдерді қудалауды тоқтату қажет

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев аппарат отырысында мектеп директорларына, білім басқармасының, бөлімінің басшыларына  мұғалімдерді қудалауды тоқтату керектігін айтты. Бұл туралы abaidan.kz тілшісі министрліктің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Ғани Бейсембаевтің сөзінше, оған педагогтерден қайта-қайта түсініксіз есептерді жинауға, құжат айналымының ұлғаюына қатысты арыз-шағымдар түскен. "Ұйым басшылары, білім бөлімдері мен білім басқармалары өз бетінше шешім қабылдауды тоқтатуы қажет! "Педагог мәртебесі туралы" заң талаптарын сақтау керек. Тағы да айта кетейін, әрбір осындай шағым үшін мектеп директорлары, білім басқармалары мен бөлімдерінің басшылары жауапты болады", - деді министр. Ғани Бейсембаевтың айтуынша, ұстаздардың сапалы білім, саналы тәрбие беруіне барынша жағдай жасалу керек. "Ұжымдағы микроклиматқа өте мұқият болу керек. Талап болады. Талаптың барлығы заң шеңберінде койылуы керек. Әрбір мұғалім өзінің алдындағы балаға сапалы білім беруге ұмтылуға тиіс. Артық, заң шеңберінен тыс қудалаулар немес басқа да дүниелерді жасуды доғару керек", - дейді Ғани Бейсембаев.


#Министерство просвещения РК, #Знание