Мұғалімдердің шығармашылық жұмыстары облыстық байқауда ұсынылды

Мұғалімдердің шығармашылық жұмыстары облыстық байқауда ұсынылды

Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының облыстық кезеңі өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz  тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Байқаудың мақсаты-педагогтердің шығармашылық жұмыстарын қолдау, кәсіби өсуін ынталандыру, мұғалімдердің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату. Мұғалімдерге арналған фестивальда «Білім беру жүйесіндегі менеджмент», «Шеберлік палитрасы», «Шығармашыл толқын», «Сабақ аяқталған соң…», «Психолог сандықшасы» бағыттары бойынша жұмыстар бағаланды. Байқауға мектеп директорлары, орынбасарлары, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, психологтар, логопед пен дефектологтар, бастауыш сынып мұғалімдері, мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтері мен әдіскерлері жиналды. Жиыны 80-ге жуық қатысушы өз бағыттары бойынша инновациялық әдіс-тәсілдерін таныстырып, бақ сынады. Қатысушылар ТЕДх форматында педагогикалық идеяларын ұсынды. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды. Әр бағыттан жүлделі І орын алған қатысушы 10 мұғалімнің жұмыстары озық деп танылып, республикалық кезеңге жолдама алды. Айта кетейік, педагогикалық идеялар фестивалі облысымызда биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда қатысушылар саны артты. Республикалық кезең 2024 жылғы қаңтар айында болады деп күтілуде.


#Знание, #учитель, #конкурс