Оқушылар қашан емтихан тапсырады?
Қазақстанда оқушылардың қорытынды аттестациялау мерзімі анықталды, - деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтиханнан тапсырады.
11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 30 мамыр мен 16 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша өткізіледі.
"Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 2025 жылғы 18-20 маусым аралығында өтеді", - деп жазылған хабарламада.