Өңірде 15 мыңнан астам түлек қорытынды емтихан тапсырады
9-сынып оқушылары үшін 2024 жылғы қорытынды емтихандар 29 мамырдан 10 маусымға дейін, ал 11-сыныптар үшін 28 мамыр мен 11 маусым аралығында өткізіледі.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында облыстық инновациялық әдістемелік орталықтың оқыту мазмұны және білім сапасының мониторингі бөлімінің басшысы Төлеуғайша Әлиева баяндады.
Бүгінде Абай облысы бойынша 302 мемлекеттік, 7 жекеменшік білім беру ұйымы бар. 2023-2024 оқу жылында 15 мыңға жуық оқушы мектеп бітіреді, оның 5 мыңға жуығы - 11-сынып, ал 9785-і 9 - сыныптың түлектері. Айта кетелік, облыстағы білім беру ұйымдарында білім алушылардың жалпы саны 100 291 адамды құрайды.
#Семей, #Абайская область, #Знание