Семей қаласында 60 оқушы Алтын белгіге үміткер
Семей қаласында 60 оқушы Алтын белгіге үміткер, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы білім бөлімінің басшысы Біржан Булабаев мәлімдеді. Биыл 1 маусым күні Семей қаласы бойынша 11 сыныпты 1937 оқушы тәмәмдайды, оның ішінде «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер саны - 60, үздік аттестатпен 155 оқушы бітіреді.
«Мектеп бітірушілердің 3,1 пайызы»Алтын белгі«белгісіне үміткер. -» -деп атап өтті білім бөлімінің басшысы Біржан Булабаев. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезінде»Алтын белгі«мен үздік аттестатқа үміткерлер жоғары нәтижелер көрсетуде. Қаңтар, наурыз айларында ҰБТ-ға 1417 оқушы қатысты. Орташа бал - 72.
Семей қаласы бойынша мамыр, маусым айларында өтетін негізгі ҰБТ-ға 1668 түлек қатысады немесе 86,1%. Мамыр мен маусым айында өтетін ҰБТ-дан жоғары балл алған жас түлек білім грантына ие бола алады.