СЕМЕЙДЕ ІТ МЕКТЕП АШЫЛДЫ

СЕМЕЙДЕ ІТ МЕКТЕП АШЫЛДЫ

 Семей қаласында жаңа №50 жалпы орта білім беретін IT-мектеп-лицейі ашылды, - деп хабарлайды  abaidan.kz ақпараттық агенттігі  KAZ Minerals компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

1200 оқушыға арналған оқу орнының құрылысына KAZ Minerals компаниясы 9 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

Жаңа мектепте 48 оқу кабинеті бар: 6 информатика кабинеті, 6 мультимедиялық кабинет, 6 пәндік кабинет (химия, физика, биология), робототехника кабинеті, графика және модельдеу кабинеті, токарлық-слесарлық шеберхана, қыш бұйымдар жасау кабинеті, аспаздық кабинеті, тігін кабинеті және т.б. Мектепте 280 адамға арналған акт залы және 420 орындық асхана бар. 

Сонымен қатар мектепте бір үлкен спорт зал және бастауыш сынып оқушыларына арналған шағын спорт-ойын залы жабдықталған. Аумақта футбол, волейбол және баскетбол алаңдары, жүгіру жолы, демалуға және оқуға арналған басқа да құрылыстар салынды.

Мектепті жобалау және салу кезінде қозғалыс мүмкіндігі шектеулі адамдарға тиісті жағдайлар жасалды. Атап айтқанда, негізгі кіреберісте, бастауыш сыныптар және 5-11 сыныптар жағындағы кіреберістерде, асхана жақта 4 пандус бар. Сонымен қатар ғимараттың аумағында және ішінде тактильді жолдар салынды. 2 лифт жабдықталды. 

Мектептің ашылуы 100-ден астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді. Мектеп құрылысында қазақстандық мердігер ұйымдар жұмыс істеп, негізінен отандық тауар өндірушілердің өнімдері пайдаланылды.   

Мектептің құрылысы - бұл KAZ Minerals Тобының жоғары тиімді бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді стратегиясын іске асырудың жаңа кезеңі. Компания өзі жұмыс істейтін өңірлерде бірнеше жыл бойы жоғары және орта арнаулы білім беру мекемелерімен ынтымақтастық орнатып келеді. Жыл сайын дарынды балаларға гранттар бөлінеді, Топ кәсіпорындарында еңбекақы төленетін кәсіби тағылымдама ұйымдастырылады, жергілікті тұрғындарға қайта даярлау бағдарламалары ұсынылады. Мектеп арқылы енді бұл процесс орта білім беру саласында қамтиды.

KAZ Minerals Management басқарма төрағасы Эльдар Мамедовтың айтуынша:

 «Қазаншұңқырдан бастап, заманауи сыныптарды жабдықтауға дейінгі барлық жұмыстар 1 жылда аяқталды. Мердігерлер және өңірлік мемлекеттік органдармен бірлескен қажырлы еңбек пен тиімді өзара іс-қимылдың арқасында бұл жобаны рекордтық мерзімде іске асыра алдық. Оқушылар үшін мектептің барынша жайлы және қауіпсіз болуы өте маңызды. Мұнда заманауи информатика және робототехника сыныптары, кең акт залы мен асхана, спорт залдары мен ашық алаңдар бар. Сондай-ақ балалар қарым-қатынас жасай алатын және шығармашылықпен айналысатын нетворкинг аймағы бар. Мектеп сұранысқа ие болатынына сенімдіміз. Бұл мектеп Семейдіэ́ң бетке ұстар оқу орнына айналып, Ұлы Абайдың отанында жаңа трендтер қалыптастырады деп үміттенеміз».

КAZ Minerals Limited Қазақстанда заманауи, ірі ауқымды, азшығынды карьерлік типтегі тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған, өсу әлеуеті зор мыс өндіруші компания. Топ операциялық іс-қызметін Абай облысында орналасқан Ақтоғай мыс кенішінде, Орлов кеніші мен фабрикасында және Павлодар облысындағы Бозшакөл кенішінде, Шығыс Қазақстан облысындағы екі кеніш пен кен байыту фабрикасында, Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде жүргізеді.

Негізгі өндірістік кәсіпорындары – Ақтоғай мен Бозшакөл – саладағы алдыңғы қатарлы даму көрсеткіштерін қамтамасыз етіп, KAZ Minerals-ты қорының басым бөлігі әлемдік деңгейдегі ашық түрдегі мыс кеніштерден тұратын компанияға айналдырды. Сульфидті кенді қайта өңдеу қуатын екі есе арттыратын Ақтоғайды кеңейту жобасы 2021 жылдың қазан айында іске қосылып, желтоқсан айында тұтынушыларға алғашқы өнім жеткізілді.

KAZ Minerals-та Қазақстан мен Қырғызстанда шамамен 14 000 адам жұмыс істейді.


#Семей, #Абайская область, #Знание, #школа