Семейлік оқушы тоғызқұмалақтан Әлем кубогында топ жарды

Семейлік оқушы тоғызқұмалақтан Әлем кубогында топ жарды

Жыл өткен сайын ұлттық ойындарымызға деген ел қызығушылығы артып, халықаралық деңгейде дәрежесін мығымдап келеді. Әсіресе жастардың тоғызқұмалақ ойынына деген ықыласы артуда. Сол жастардың бірі – Малика Асемханова. Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы тоғызқұмалақшылардың арасында беделді.

Малика өзінің еңбегі мен талантының арқасында  26-30 қыркүйек аралығында 19 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем кубогынан III орын иеленді. Ол блиц санаты бойынша бақ сынады. ​Зияткерлік жарыс Румынияның Константа қаласында өтті. Төрт күнге жалғасқан сайысқа Қазақстан, Болгария, Венгрия, Румыния, Түркия елдерінен 30-ға жуық спортшы қатысқан. 

Алғаш тоғызқұмалақпен айналыса бастаған сәтте небәрі 7 жаста болған жас дарын   Азия чемпионаттарының 13-14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы күміс медаль жүлдегері, республикалық чемпионаттар да топ жарған. ​

Малика Асемханованың жетістіктері – тоғызқұмалақ ойынының жастар арасында танымалдылығын арттырып, ұлттық мәдениетімізді насихаттаудағы маңызды қадам. Жастардың зияткерлік ойындарға қызығушылығы арта түскен сайын, еліміздің мәдениеті жаңа деңгейге көтерілеріанық.


#Знание, #тогызкумалак