Семейлік оқушылар халықаралық байқаудан олжалы оралды

Семейлік оқушылар халықаралық байқаудан олжалы оралды

Елордада жыл сайынғы «Infomatrix-Asia» халықаралықкомпьютерлік жобалар байқауы өтті. Биылғы іс-шарағаәлемнің түкпір-түкпірінен 3000-нан астам оқушы өтінімбілдіріп, солардың ішінен тек ең үздік 600 финалист іріктеліп алынған. Бағы мен бабы келіскен 10 мемлекеттен250-ден астам команда қатысқан додада Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім алушылары көпшілік назарынан тыс қалмады.  

AI Hackathon бойынша Слямхан Қайрхан, Сүлеймен Гүлімжәне Асқар Әкежан күміс жүлде иеленді. Applied Science санатында Сұлтангазина Айзере күміс жүлдегер атанса, «Short Movie» бағыты бойынша Мұратқызы Айзере мен Русланқызы Раушан қола жүлдеге ие болды.

Айзере Султангазина мен ғылыми жетекшісі Қайыржан Берікханның «AI-Optimized Adaptive Porous Wing forUAVs to Enhance Lift, Stability, and Energy Efficiency»атты жобасы NACA 0012 профилінің аэродинамикалықтиімділігін жақсартуға арналған. Зерттеу жұмысы дрондардың кез келген іске төзімділігіарттырып, ұшқышсыз басқарылатын аппараттардың ұшутұрақтылығын жақсартуды және энергияны үнемдеудімақсат етеді.

- Жобаның басты жаңалығы – дәстүрлі аэродинамикалықтәсілдерді жасанды интеллект пен машиналық оқытутехнологияларымен ұштастыруында. Зерттеубарысында сандық модельдеу мен тәжірибеліксынақтар жүргізіліп, NACA 0012 профилініңтиімділігін арттыру жолдары анықталды. Соныменқатар, кеуекті құрылымның оңтайлы параметрлерібелгіленіп, оны авиация саласында қолдануға нақтыұсыныстар ұсынылды, - деді жобаның ғылымижетекшісі Қайыржан Берікхан.

Семейлік зияткерлерге Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіне білім беру гранты табысталды.


#Знание, #конкурс