«Ұстазды ұлықтау - үлкен мәртебе»

«Ұстазды ұлықтау - үлкен мәртебе»

Қалалық мәдениет үйінде «Ұстазды ұлықтау - үлкен мәртебе» атты облыстық салтанатты іс-шара өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерекелік шараға Абай облысының әкімі Н.Т. Ұранхаев , «AMANAT»партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Қ. С. Сулейменов, облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы С.Ә.Ысқақов, білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, педагогтер қатысты.

Басты мақсат - педагог (мұғалім, тәрбиеші) мамандығының қоғамдағы мәртебесін арттыру, әрбір педагог өз оқушылары мен олардың ата-аналарының, әріптестері мен серіктестерінің алғысын, қолдауын сезіне алатынерекше мерекелік орта құру. 

Облыс көлемінде білім беру ұйымдарында мұғалім күні қарсаңында «Ардагер ұстазбен бір күн», «Дублер күні», «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтады», «Жаныңда жүр жақсы адам...» акциялары, «Мерейлі ұстаз» бейнероликтер байқауы, БАҚ өкілдері арасында «Шабыт қаламы: қоғамдағы педагог мәртебесі» іс-шаралары өтті. 

Мерекелік шарада үздік ұстаздар Оқу-ағарту министрлігінің, облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың, облыстық кәсіподақтың, білім басқармасының төс белгілерімен және мақтау қағаздарымен марапатталды.


#Семей, #Абайская область, #учитель