Жаһандық құзыреттер, жаңа кабинеттер, балалар демалысы – Абай облысының білім беру саласында күнтізбелік жыл жемісті өтті

Жаһандық құзыреттер, жаңа кабинеттер, балалар демалысы – Абай облысының білім беру саласында күнтізбелік жыл жемісті өтті

Облыста балалармен 12 мың педагог жұмыс істейді. Оның ішінде, Абай облысының білім басқармасында хабарлағандай, "педагог-шебер" санатына 73 мұғалім ие, жоғары санатты мұғалімдер-350 маман.

Сонымен қатар, Абай облысы бойынша бүгінгі таңда 6 001 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Осылайша, педагогтердің жалпы санының 37,7%  өз біліктілігін арттырды.

Сондай-ақ облыс мектептерін жаңа кабинеттермен жарақтандыру жалғасуда. 2023 жылы ауыл мектептері үшін жаңа модификациядағы 36 кабинет: 10 биология, физика, химия кабинеттері, 6 STEM-кабинет  жасақталды.  Қазіргі уақытта 33 кабинеке керекі құрал-жабдықтар жеткізілуде.

Жаз бойы Абай облысында сауықтыру лагерлерінде 4 816 оқушы демалды. Олардың басым бөлігі өңірдегі лагерьлерде, 125 бала Республикалық "Бөбек" және "Балдәурен"лагерьлерінде болды. Лагерьлерді дайындауға 2023 жылы бюджеттен 152,4 млн теңге бөлінді. Барлық қала маңындағы лагерьлерге арнайы мониторингтік топ келіп, балалардың демалуына қажетті жағдайларды тексеріп отырды.

Сондай-ақ, 5 маусымнан бастап облыс мектептерінде 276 мектеп жанындағы лагерь мен 27 бейінді алаңның жұмысы ұйымдастырылды. Оларға жаз бойы 58 178  оқушы қатысты. Сондай-ақ, 121 мектепте жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен әлеуметтік осал санаттағы 3 749 балаға арналған ыстық тамақпен мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істеді. Демалыстың барлық түрлерімен жалпы қамту 94 855  оқушыны  құрады.

Спорттық іс-шаралар туралы тамыз бен қыркүйек аралығында облыста ұлдар мен қыздар арасында 28 аула командасының қатысуымен "Былғары доп" турнирі өтті.


#Знание, #Ученик, #образование, #дети