Жұмысшы мамандықтар жылы аясында MamanFest фестивалі өтті

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында MamanFest фестивалі өтті

Семейде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «StartUp Academy SFEK» орталығы ашылып,MamanFest фестивалі өтті, - деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі. Шара колледждің әлеуметтік серіктестерімен бірлесіп ұйымдастырылды. Алдағы уақытта болашақ мамандық таңдауға бағытталған ерекше алаңға айналады деп күтілуде. 

Басты мақсат: SFEK Startup ACADEMY – мектеп оқушыларының кәсіпкерлік дағдыларын, инновациялық ойлау қабілеттері мен стартаптар саласындағы практикалық білімдерін дамыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ цифрлық экономика жағдайында болашағы бар мамандықтарды меңгеруге деген құлшыныстарын арттыру.

Фестивальға аймақтық мектептерден шақырылған белсенді 250 мектеп оқушысы мен оқытушылар және онлайн тәртіптетүрлі мектептерден 500 мектеп оқушысы қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар колледжде ұсынылатын мамандықтар туралы толық ақпарат алып, кәсіптік бағыттағы бес негізгі "мамандық үйлерімен" танысты:

  1. Бағдарламашы үйі – бағдарламалық қамтамасыз ету және жүйелік әкімшілендіру;
  2. Бухгалтерлер үйі – есеп және аудит саласындағы мамандықтар;
  3. Графикалық дизайнерлер үйі – заманауи IT және дизайн технологиялары;
  4. Стартаптар үйі – кәсіпкерлік пен бизнес-бастамалар;
  5. Медиа үйі – журналистика, PR және цифрлық медиа.

Фестиваль шеңберінде қатысушылар әрбір мамандық үйінде интерактивті тапсырмаларды орындап, тәжірибелі мамандармен кездесіп, олардың кеңестерін тыңдады. Сонымен қатар, іс-шара барысында арнайы спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісті.

Колледж студенттері мен мектеп оқушылары үшін шарада білім беру мүмкіндіктері, оқу бағдарламалары мен еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы кеңес алу пункттері жұмыс істеді. Әрбір қатысушыға іс-шара бағдарламасы қамтылған арнайы блокноттарт аратылып, QR-код арқылы фестиваль суреттеріне қол жеткізу мүмкіндігі берілді. StartUp Academy SFEK орталығын ашу негізінде студенттер мен жас кәсіпкерлерге өз идеяларын жүзегеа сыруға арналған платформа ұсынылды.

Барлық қатысушылар қызықты шеберлік сыныптары мен интерактивті тесттерге қатысып, креативті тапсырмалар орындады. Қатысушыларға естелік сыйлықтар берілді. Бұл шара әрбір қатысушы үшін болашақ мамандығын анықтауға көмектесетін ерекше тәжірибе болды,-дейді ұйымдастырушылар.


#Семей, #Фестиваль, #студент, #Год рабочих профессий