Абай облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты, бірақ алдын алу шаралары күшейтіледі
Абай облысында эпидемиологиялық ахуалға қатысты штаб отырысы өтті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады. Жиында СЭҚД бас дәрігері білім басқармасына білім беру ұйымдарында алдын алу шараларын күшейтуді ұсынды.
2025 оқу жылы басталғалы бері барлығы 5558 оқушы ауырды, ауырғандардың жалпы санындағы мектеп оқушыларының үлесі – 17,2 %.
2025–2026 жылдардағы эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері облыста тұмаудың 25 жағдайы тіркелді. Оның ішінде:
- 92% — А типті тұмау вирусы,
- 8% — H1N1pdm09 вирусы.
ЖРВИ мен тұмау жағдайларының өсуін ескере отырып, білім беру ұйымдарының басшыларына нақты ұсынымдар берілді. Атап айтқанда:
- Егер бір сыныптағы оқушылардың 20–30%-ы ЖРВИ-мен ауырса, онда бұл сынып аралас оқу форматына көшуі тиіс.
Бұл шара аурудың мектеп ішінде таралу қаупін төмендетуге бағытталған.
Облыстың стационарлық ұйымдарында тұмау мен ЖРВИ-мен ауыратын науқастарға арналған төсек орындары жеткілікті:
- Ересектерге арналған резервтік төсек — 47,
- Балаларға арналған резервтік төсек — 61.
Дәрілік қамтамасыз етуге қатысты денсаулық сақтау басқармасы вирусқа қарсы препараттардың тегін дәрі-дәрмек тізіміне кірмейтінін атап өтті.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Абай облысының эпидемиологиялық ахуалы тұрақты, алайда алдағы маусымдық кезеңде азаматтарға жеке профилактикалық шараларды сақтауға кеңес беріледі:
- Қол гигиенасын сақтау,
- Адам көп жиналатын орындарда бетперде тағу,
- Ауру белгілері байқалған жағдайда үйде қалып, медициналық көмекке жүгіну.
Облыстағы жағдай тұрақты бақылауда, барлық медициналық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
#Здоровье, #Абайская область, #грипп