Абай облысында қосымша денсаулық сақтау нысандарын салыну жоспарлануда

Абай облысында қосымша денсаулық сақтау нысандарын салыну жоспарлануда

Бүгінде Халықтың медициналық қызметтерге деген қажеттілігі жоғары. Ауруханалар, амбулаториялар мен емханалар жеткіліксіздігіне байланысты инвесторлар есебінен өтеусіз негізде құрылыс басқармасы Денсаулық сақтау саласының қосымша 7 объектісін салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлемек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз маслихатында  басқарма басшысы міндетін атқарушы Шыңғыс Риаханов баяндады,-деп хабарлайды abaidan.kz.

–  Семейде  300 орындық көпбейінді балалар ауруханасының құрылысын бастау жоспарлануда. Жобаның бастапқы құны - 37 млрд теңгені құраса, 2024 жылға арналған кешенді даму жоспарына сәйкес 9,2 млрд теңге қарастырылған. ЖСҚ әзірлеуде. Сараптама алудың жоспарланған мерзімі-2025 жылғы қаңтар, бұдан басқа, Семейдегі облыстық қан орталығы ғимаратының құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобаның алдын ала құны – 6,5 млрд теңге, сараптама алу биылғы жылдың қараша айында жоспарлануда, - деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, Семей қаласының оң жағалауында 300 адам қабылдайтын емхана ашылмақ. Бұл жобаның құны-3,2 млрд теңге және оған да жобалау-сметалық құжаттама  әзірленуде.  Арнайы сараптама қорытындысын 2025 жылдың қаңтар айында алу жоспарланған.

Сондай-ақ , Семей қаласының сол жағалауында 300 келушіге арналған емхана салу, 400 төсек-орынға арналған облыстық көпбейінді аурухана салу, Семейдегі ядролық медицина және онкология орталығының хирургиялық корпусын салу және қаланың сол жағалауындағы жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының ғимаратын салу жоспарда бар.

- Басқарма жалпы 98 жоба бойынша сараптаманың оң қорытындысын әзірледі және алды. Оның ішінде-64 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру , 24 әлеуметтік нысан, 10 – қолда бар ғимараттарды күрделі жөндеу. Қазір 72 жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде 64 Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету, 4 күрделі жөндеу, 4 әлеуметтік нысан, - деп қорытындылады Шыңғыс Риаханов.


#Абайская область, #Здравоохранение