Абай облысының жедел медициналық көмек бригадасы халықаралық чемпионатта ІІ орынға ие болды

Абай облысының жедел медициналық көмек бригадасы халықаралық чемпионатта ІІ орынға ие болды

17-19 қыркүйек күндері Ақтау қаласында Жедел медициналық көмек бригадаларының республикалық чемпионаты өтті. Шара Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Жедел медициналық көмек Ұлттық координациялық орталығының қолдауымен ұйымдастырылды. 

Чемпионатқа Қазақстанның 20 өңірінен және Ресей, Беларусь, Әзірбайжан елдерінен командалар қатысты. Абай облысының облыстық жедел медициналық көмек станциясынан Аягөз қаласы мен Әуезов подстанциясының фельдшерлері чемпионатта өнер көрсетті. Өңір бригадасы Абай облысы әкімдігі мен облыстық Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Тұрлыбеков Рауан, Тұрсынов Нұрбол, Социал Елдос сияқты басшылар және бас дәрігерлердің жетекшілігімен сынға түсті. Бағалау бағдарламасына халықаралық стандарттарға сәйкес практикалық дағдыларды орындау станциялары енгізілді.

Чемпионат қорытындысы бойынша Абай облысының жедел медициналық көмек бригадасы ІІ орынға ие болды. Айта кету керек, бұл команда спартакиадада үнемі жүлделі орындарды иеленіп келеді.

Абай облысы командасының жеңісіне бригаданың үйлесімді жұмысы, жеделдігі және мамандардың жоғары біліктілігі басты рөл атқарды. Бұл жетістік – Абай облысының облыстық жедел медициналық көмек станциясының барлық мамандарының бірлескен еңбегінің нәтижесі.


#Здоровье, #Абайская область