Цифрлық медицина: Семейдегі №1 емхана қалай дамып келеді?

Цифрлық медицина: Семейдегі №1 емхана қалай дамып келеді?

№1 емхана (қала тұрғындарына бұрынғы атауымен – Орталық қалалық аурухана, ЦГБ ретінде белгілі) Абай облысының әкімшілік орталығындағы ең ескі емдеу мекемелерінің бірі ,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған БАҚ үшін пресс-тур барысында клиниканың жұмыс процесі таныстырылды. Аурухананың бас дәрігері Анатолий Ахунжанов клиникада цифрландыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

– Сіздерге Семейдегі ең ескі алдын алу-емдеу мекемелерінің бірі – №1 поликлиниканы таныстырамын. Поликлиникада бір ауысымда 750 адамды қабылдауға мүмкіндік бар, тіркелген азаматтар саны – 38 мың. Мұнда ересектер де, балалар да қызмет алады. Қазір біз тіркеу бөлімін жаңартып, QR-кодтар арқылы пайдалы ақпарат орналастырдық. Мұнда үш регистратор жұмыс істейді, қажет болған жағдайда қосымша мамандар да қосылады, – деді Анатолий Ахунжанов.

Сонымен қатар, ауруханада науқастарға қолдау көрсету қызметі тұрақты жұмыс істейді. Дәрігерлер науқастардың кез келген сұрағын шешуге дайын.

– Бірінші қабатта науқастарға қолдау көрсету қызметі орналасқан. Әр бөлім меңгерушісі, әр мейірбике кезекпен осы қызметте жұмыс істейді. Бұл көрсетілетін қызмет сапасын арттырды. Статистикаға сүйенсек, өтініштердің саны 30%-ға өсті. Олардың басым бөлігі – медициналық қызметкерлерге алғыс білдірулер, – деп қосты Анатолий Ахунжанов.

Пресс-тур барысында БАҚ өкілдері аурухана ғимаратын аралап, мекеменің материалдық-техникалық базасымен танысып, медициналық персоналмен кездесті.

Емхана базасында флюорограф, жоғары технологиялық құралдар бар: GeneXpert, фиброскан, рентгендік маммограф, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық және басқа да зерттеулерге арналған аппаратар, ЭХО-кардиограф, ЭКГ аппаратар, Холтер, СМАД, сонымен қатар компьютерлік негіздегі биохимиялық, ИФА, иммуно-химиялық зерттеулер жүргізілетін лабораториялар.

Емханада барлық түрдегі жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі: ауруларды ерте анықтау (скрининг), емдеу және пациенттерді реабилитациялау мақсатында профилактикалық қызметтер де бар.


#Здоровье, #Абайская область, #Здравоохранение