Денсаулық сақтау министрлігі емханаларға тіркелудің жаңа ережесін ұсынды

Денсаулық сақтау министрлігі емханаларға тіркелудің жаңа ережесін ұсынды

Ең басты өзгеріс — жыл сайынғы (1 қыркүйек–1 қараша) еркін тіркелу науқаны жойылады.

Енді азамат бір ғана емханаға бекітіледі (жекеменшік не мемлекеттік болуы маңызды емес), бірақ қалауы бойынша немесе мекенжайы өзгерсе, емхананы ауыстыра алады.

Сондай-ақ студенттер, әскери қызметшілер үшін тәртіп нақтыланып, балалар мен жүкті әйелдерге ерекше назар беріледі. Ерікті медициналық сақтандыру арқылы тіркелу тәжірибесі алынып тасталады.

Министрлік бұл өзгерістер медициналық көмектің сапасын арттыруға және жүйені тиімді жоспарлауға бағытталғанын айтады.


#Здоровье